Молдасламова Айнур Калназаровна
РАБҒУЗИДІҢ «ҚЫСАС ӘЛ-ӘНБИЙА» (XIV ғ.) ЕҢБЕГІНДЕГІ КИІМ-КЕШЕК АТАУЛАРЫ
Мақалада ортағасырлық түркі жазба ескерткіші Рабғузидің «Қысас әл-Әнбийа» шығармасы, зерттелуі мен жариялануы қарастырылады. Ескерткіштің тілдік ерекшеліктері жайындағы ғалымдардың пікірлері талданған. Шығарма тіліндегі киім-кешекке қатысты лексика тақырыптық топтарға бөлініп, мысалдармен нақтыланып, Хорезм-Алтынорда, Codex Cumanicus және мәмлүк-қыпшақтары жазба ескерткіштерімен салыстырыла зерттеледі.